Тоқаев: Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы

14:32, 17 наурыз 2026

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Халық Конституциясының тарихи маңызына тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ата заңды әзірлеу мен қабылдау жалпыұлттық бірліктің салтанат құрғанын және елдегі реформаларға кең қолдау бар екенін көрсетті.

Президент бұл құжаттың тарихи бағасын уақыт пен келер ұрпақ беретінін атап өтіп, қазіргі буынға мемлекеттілік шежіресін жазу секілді маңызды міндет жүктелгенін айтты.

Сондай-ақ ол референдумға қатысу – әр азамат үшін ел дамуына үлес қосуға берілген бірегей мүмкіндік екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы референдумға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіріп, әсіресе жастардың белсенділігін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, жас буын ел тарихында өз ізін қалдырып, жаңа Конституцияның авторларының біріне айналды.

"Қазақстанның бүгіні мен келешегі – жастардың қолында. Бұл – ұран емес, мемлекеттік саясаттың өзегі", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның сәтті өтуіне байланысты шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтаулар келіп жатқанын айтып, қолдау білдірген әріптестеріне ризашылығын жеткізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!