Тоқаев жақын күндері Түрікменстанға барады

16:01, 10 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Түрікменстанға барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан ақпараттан белгілі болғандай президент онда Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін барады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады",- делінген ақпаратта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!