Тоқаев: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

14:51, 19 мамыр 2026

© Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы даланың рухани мұрасында Қожа Ахмет Ясауи еңбегінің орны ерекше екенін айтып, оның хикметтерін "мәдени код" ретінде сипаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркістандағы рухани мұраға арналған жиында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Ясауи тұлғасы Ұлы даланың зияткерлік кеңістігінде дара орын алады.

"Ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ясауидің "түркілік исламның" қалыптасуына ықпал еткенін атап өтті.

"Ол жалпыға ортақ мұсылман құндылықтары мен жергілікті рухани дәстүрлерді үйлестірген "түркілік исламның" бастауында тұрды", – деді Президент.

Тоқаевтың сөзінше, ғұлама ұсынған рухани-идеялық жүйе бүгінгі дүниетанымның да өзегіне айналған.

"Шын мәнінде, ол Ұлы дала халықтарына қазіргі дүниетанымымыздың өзегіне айналған мүлдем жаңа идеологиялық доктрина ұсынды", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Ясауи мұрасының маңызын ерекше атап өтіп, оның хикметтерін мәдени код ретінде бағалады.

"Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды. Ал ғұламаның Түркістандағы кесенесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысан", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Түркістан қаласының тарихи рөліне де тоқталды.

"Түркістан шаһары ғасырлар бойы өңірдің басты рухани және саяси орталығы болды. Қазіргі таңда ол түркі дүниесінің қасиетті қарашаңырағы саналады", – деп түйіндеді Президент.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!