Тоқаев: Алтын Орданың экономикалық құрылымын жан-жақты зерттеген жөн
© Фото: akorda.kz
Ежелдегі Месопатамия, Мысыр, Қытай, Үндістан өркениеттері көп жағдайда өзен аңғарларын игеру арқылы қалыптасты. Ал Ұлы дала мүлде басқа тарихи даму жолынан өтті. Толығырақ президент Астанада өтіп жатқан симпозиумда айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, осыдан бес мың жыл бұрын қазіргі Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Ботай жерінде адам баласы ең алғаш рет жылқыны қолға үйретті.
"Бұл әлем тарихына түбегейлі жаңа сипат берген оқиға болды. Атқа міну мәдениетімен қатар дала өркениетінде стратегиялық ойлау қабілеті және мейлінше қолайлы өмір сүру салты пайда болды. Осылайша, Алтын Орда Еуразияның ұлан-ғайыр даласындағы барлық негізгі көлік, сауда және гуманитарлық байланыстарды бақылауда ұстап, салт атты көшпенділер өркениетінің ең биік шыңына көтерілді". Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл орайда, көшпенділік пен отырықшылық салтының үйлесім табуы Алтын Орданың тарих сахнасына жарқырай шығуының бірден-бір себебі болды деуге толық негіз бар екені атап өтілді.
"Түптеп келгенде, Алтын Орда көшпенділер өмірін, қаладағы қолөнер мәдениеті мен сауда жолдарын өзара тығыз байланыста дамыту арқылы тұрақты ақша және салық жүйесі бар, экономикасы дамыған ел ретінде қалыптасты".Мемлекет басшысы
Бұған дейін Тоқаев жаңадан ензілген марапаттар жайлы мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:25, 19 мамыр 2026
Қазақстанда әуежай маңындағы қоқыс полигондары мен құстар авиацияға қауіп төндіріп отыр
-
16:15, 19 мамыр 2026
Бектенов Қазақстанда аэротакси мен дрондарды іске қосу туралы бірқатар тапсырма берді
-
16:06, 19 мамыр 2026
19 мамырдағы сауда қорытындысы: доллар бағамы қайта өсті
-
15:52, 19 мамыр 2026
Тоқаев Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмені тамашалады
-
15:47, 19 мамыр 2026
Президент Алтын Орданың тарихын жаңаша пайымдау керек екенін айтты





