Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде: тасымалдау жолдарына қатысты бірлескен келісім жасау қажет
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2024 жылдың 6 қарашасында Бішкекте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде көлік-логистика саласына тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасында көлік-логистика бағытындағы байланыстарды тереңдету өте маңызды деп санайды
"Түркі әлемін экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендету үшін Орта дәліздің әлеуетін толық пайдаланған жөн. Оның стратегиялық мәні бар. Сондықтан тасымалдау жолдарына қатысты бірлескен келісім жасау қажет. Мұндай қадам тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Ұйымға мүше мемлекеттер бұл бастамаға қолдау білдіреді деп сенемін", – деді Президент.
Мемлекет басшысы қаржы-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл бағытта Түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарып келеді. Сонымен қатар тараптардың Орталық банктер кеңесін құру туралы бастаманы бірауыздан құптағанын жеткізді.
Сондай-ақ, ол адам капиталын дамытуды аса маңызды міндет ретінде атады.
"Түркі өркениетін жаңғырту үшін адам ресурстарын тиімді пайдалану керек. Дарынды жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік жасау қажет. Ғылым-білім саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейткен жөн. Былтырғы Саммитте елдерімізде беделді университеттеріміздің бөлімшесін ашу туралы ұсыныс айтылды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы бүгін қол қойылатын "Цифрлық экономикадағы әріптестік туралы" келісімді Түркі мемлекеттері ұйымы мүшелері үшін мәні зор құжат деп бағалады. Сондай-ақ түркі әлеміне ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыру мақсатында кабельдік телеарналардың өзара хабар таратуын ұйымдастыру қажет екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында саммит аясында жасалатын келісімдер түркі мемлекеттерінің әлеуетін арттыратынына сенім білдіріп, Ұйымға төрағалық ететін Қырғыз еліне табыс тіледі.
Сондай-ақ Түркі елдерінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды
-
21:30, 26 желтоқсан 2024
Ақтауда Каспий теңізіне ұшақ апатынан қаза тапқандар құрметіне гүл шоқтары жіберілді
-
20:58, 26 желтоқсан 2024
Маңғыстаулықтар Әзірбайжан азаматтарын еліне шығарып салды