Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде не айтты
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Түркістандағы алқалы жиынға қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді.
"Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы. Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған шежірелі шаһар. Көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы саналған.
Түркістан төріндегі Әзірет Сұлтан кесенесі – рухани тұтастық пен тарихи сабақтастық символы.
Қожа Ахмет Ясауи бауырлас елдердің дүниетанымын кеңейтуге зор үлес қосты. Адамзатқа ортақ құндылықтарды барынша дәріптеді. Халықты жақсылыққа, жасампаздыққа, адалдыққа шақырды.
Ғұлама ойшыл ислам дінін түркі жұртының таным-түсінігімен ұштастыра білді. Аса құнды еңбектер жазып, мол мұра қалдырды.
Ясауидің тағылымды ойлары мен хикметтері – түркі халықтарының баға жетпес байлығы. Ұлы бабамыз дәріптеген құндылықтар әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз Ясауидің гуманистік идеяларына баса мән беріп отырмыз.
Қазір елімізде "Адал азамат", "Әділетті Қазақстан", "Таза Қазақстан" және басқа да бірегей бастамалар табысты жүзеге асырылып жатыр.
Басты мақсатымыз – ұлт сапасын барынша жетілдіріп, мемлекеттігімізді нығайта түсу. Түптеп келгенде, осы ауқымды жұмыстың негізі Ясауи ілімінен бастау алады".
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:30, 15 мамыр 2026
16 мамырдан бастап Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді
-
18:20, 15 мамыр 2026
Қазақстандық боксшылар U15 санатындағы Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды
-
17:45, 15 мамыр 2026
16 және 17 мамырдағы демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары
-
17:36, 15 мамыр 2026
«Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет» - Тоқаев
-
17:32, 15 мамыр 2026
Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды





