Тоқаев Түрікменбашы Бердімұхамедовты 63 жасымен құттықтап қойды

20:47, 29 маусым 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті 63 жасқа толған туған күнімен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейде нығайта беруге бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар стратегиялық серіктестікті дамытуға, әсіресе, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға оңтайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсетіп, жеделхат жолдағаны үшін ризашылық білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!