Тоқаев Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады

16:23, 26 қыркүйек 2026
MKZ: 1569056

© Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық кәсіпкер әрі қаржыгер Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті сайлауында жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!