Найзағай, жаңбыр мен -2 градус үсік: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

15:36, 26 қыркүйек 2026
MKZ: 1569048

© Фото: pexels

Алдағы үш күнде Астанада үсік жүреді, Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал Шымкентте найзағайлы жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 27, 28 және 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана бойынша ауа райы болжамы

27 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, топырақ бетінде -2°С-қа дейін үсік жүреді, күндіз +13+15°С.

28 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +13+15°С.

29 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +15+17°С.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

27 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.

28-29 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

27 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +22+24°С.

28-29 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!