Тимур Турлов FIDE-нің жаңа президенті болып сайланды

16:05, 26 қыркүйек 2026
MKZ: 1569053

© Сурет: instagram.com/timurturlov

Қазақстандық кәсіпкер әрі қаржыгер Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тимур Турлов – FIDE-нің 8-президенті", – делінген Халықаралық шахмат федерациясының хабарламасында.

Айта кетейік, FIDE Бас ассамблеясының отырысы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтті. Қазір мұнда шахматтан 46-шы Дүниежүзілік олимпиада өтіп жатыр.

Қазақстандық кәсіпкерден бөлек, Халықаралық шахмат федерациясының президенті лауазымына Үндістаннан Вишванатан Ананд, Германиядан Ян Хенрик Бюттнер және Вадим Розенштейн үміткер болды.

Кейін федерация жаңа президенттің сайланғанына қатысты реакциясын да көрсетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!