Жұмада Астанада және 16 өңірде дауылды ескерту жасалды

22:12, 12 желтоқсан 2024

© Фото: zakon.kz

13 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ.: 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 13 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңерең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 13 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Қостанай қ: 13 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Ақтау қ.: 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, түнде 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Қонаев қ.: 13 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с. Түркістан қ.: 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/ күтіледі. Қызылорда қ.: 13 желтоқсанда жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 13 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 13 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 13 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 13 желтоқсанда күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!