Тоқаев су жаңа ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы 24 сәуірде жаңа лауазымға тағайындалған Юрий Шин мен Лугмар Буларовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі.",-делінген хабарламада.
ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.
Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.
Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:25, 6 мамыр 2024
Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін айтты
-
11:17, 6 мамыр 2024
Қазақстанда тоғыз АЭА жұмысын 2049 жылға дейін ұзартады
-
11:02, 6 мамыр 2024
Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау басталды: талапкерлер нені білуі керек
-
10:58, 6 мамыр 2024
Алматыда Батыр – панфиловшылар шыңына көтерілу Альпиниадасының уақыты өзгерді
-
10:45, 6 мамыр 2024
Ұлттық режимнен алынуға жататын машина жасау тауарларының тізіміне бірқатар май түрлері енгізілді