Тоқаев Путинді құттықтады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.
"Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды", - деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
16:06, 19 қараша 2025
Қазақстанда дипфейктер мен маркировканың жоқтығы үшін жауапкершілік енгізіледі: жасанды интеллект қолданылды
-
15:53, 19 қараша 2025
2025 жылы Қазақстанда 2,7 мыңнан астам қызылша жағдайы тіркелді
-
15:43, 19 қараша 2025
Адамдар азық-түлікті несиеге сатып алады: депутат жалақыны кешіктірген жұмыс берушіні жазалауды ұсынды
-
15:39, 19 қараша 2025
Депутат ата-аналарға арналған қысқартылған жұмыс күнін заңмен бекітуді талап етті





