Астанада көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім құлап кетті

13:17, 18 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Әлеуметтік желіде Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен жасөспірімнің өлімі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Хан Шатыр ауданында Әнет баба көшесінде 2025 жылғы 17 қаңтарда кешкі уақытта болды.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады:

"Мәйіт табылған соң қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр".

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 13 қаңтарда Павлодарда 20 жастағы қыз биіктен құлап қаза тапқан еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!