Тоқаев пен Путин ауған мәселесін талқылады

16:18, 15 қыркүйек 2021

© Сурет: Ақорда

Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы сипатында өтетін алдағы жиын-шараларға байланысты ауған проблемалары жан-жақты талқыланды. Екіжақты күн тәртібіне сәйкес, кейбір өзекті мәселелер, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлесе күресу мәселелері де қозғалды, делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сонымен қатар бірқатар шет мемлекеттердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!