Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
© Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 16 қарашада Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы сөз басында қонақжайлық танытып, Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке ілтипат білдіріп, Әзербайжанның аталған кеңеске толық мүше ретінде қосылуын тарихи шешім деп бағалады. Сондай-ақ Бакудің жаңа статуста аймақ ынтымақтастығын кеңейтуге айтарлықтай үлес қосатынына сенім артты.
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері өз тиімділігін дәлелдегенін айтты.
"Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өтті. Мұны сеніммен айтуға болады. Ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артты. Бұл елдеріміздің дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа кеңінен жол ашты. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері өңірдің жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқаратынын мойындайды. Сондықтан «Орталық Азия плюс» форматына қызығушылық артып келеді. Бұған биыл негізгі шетелдік серіктестермен өткен саммиттер дәлел бола алады. Менің ойымша, мұндай серіктестіктің басты мақсаты – өңірдегі тұрақтылықты нығайту және орнықты прогресс үшін жағдай жасау, елдеріміз бен халықтарымыздың әл-ауқатын, бақуатты тұрмысын қамтамасыз ету. Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыған әрі жан-жақты ынтымақтастық пен бейбітшілік орнаған берекелі өңір ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейміз", – деді президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа келгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:43, 17 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
-
11:16, 17 желтоқсан 2025
АҚШ жеті елдің азаматтарына елге кіруге толық тыйым салмақ
-
11:04, 17 желтоқсан 2025
Қазақстандық жекпе-жек шеберлері каратэден әлем чемпионатында еліміздің мерейін үстем етті
-
10:54, 17 желтоқсан 2025
Токио қаласы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына қалай дайындалып жатыр – фото және видео
-
10:42, 17 желтоқсан 2025
Еуроодақ Грузияға қаржылай қолдау көрсетуді тоқтатады





