Тоқаев Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 1 қаңтарда Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтадығ деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:16, 4 қаңтар 2025
Әли Оқапов жақсы жаңалығымен бөлісті
-
13:03, 4 қаңтар 2025
Майамиде полиция қызметкерін ұрып-соққаны үшін Олимпиада жүлдегері қамауға алынды
-
12:50, 4 қаңтар 2025
Мексикада төрт турист оққа ұшты
-
12:38, 4 қаңтар 2025
Гонконг робототаксиді іске қосуды жоспарлап отыр
-
12:29, 4 қаңтар 2025
Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге көмекке келді