Тоқаев кімнен қолдау іздейді – Марғұлан ашығын айтты

11:56, 12 желтоқсан 2019

Байып алған бизнесмен Марғұлан Сейсембай Youtube-тен канал ашып, қазақша контент жасауға көшіпті.

Апта сайын елдегі басты жаңалықтарды қорытындылайтын "Марғұлан не дейді?" айдарының үшінші санында ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жанна Немцоваға берген шу тудырған сұхбаты туралы, сондай-ақ "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лицензиясынан айырылғаны туралы да қысқаша пікірін айтады.

Тоқаев әлгі сұхбатында сот билігі жөнінде бір сөз айтпады, деп ренжиді спикер.

"Олимпті" ғана емес, Қазақстанда барлық букмекерлік компанияларды жабу керек дейді ол. Бәс тігу – халыққа өте зиян. Қаншама адам ақшасынан айырылып, қаншама отбасы ажырасып жатыр. Құптаймын, барлық кеңселерді жабайық, деген ұсыныс тастайды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!