Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының спикері Сеулдегі қазақ этноауылына барды
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чо Чжон Шик Сеулдегі Ханган саябағында орналасқан қазақ этноауылына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәртебелі меймандарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі, ұлттық сәндік-қолданбалы өнері, ән-күйі және мәдени жәдігерлердің заманауи үлгілері таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұрасы бейнеленген "Жеті қазына" голографиялық инсталляциясын тамашалады.
Этноауылда қазақ шеберлері жасаған дәстүрлі зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен киізден жасалған заттар көрмеге қойылды.
Сондай-ақ меймандарға домбыра, дауылпаз және жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен музыкалық бағдарлама ұсынылды.
"Бірлік" би ансамблі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық корей театры балет труппасының бірлескен қойылымдары көрсетілді. "Достық" хореографиялық композициясы екі халықтың бірлігін, өзара құрметі мен тығыз байланысын паш етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шикке садақ ату өнері мен садақшылардың шеберлігі де таныстырылды.
Диджитал-киіз үйде қазақтың дәстүрлі баспанасының заманауи үлгісі ұсынылды. Панорамалық LED-экран арқылы меймандар екі ел халықтарының достығына, Қазақстандағы корей этносының тарихы мен мәдениетіне, сондай-ақ қазіргі тұрмыс-тіршілігіне арналған бейнематериалдарды тамашалады.
Қазақ этноауылының көрінісі Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастың нығайып келе жатқанын және екі ел ынтымақтастығында мәдени-гуманитарлық байланыстың айрықша рөл атқаратынын көрсетті.
Іс-шара соңында Ханган саябағының аспанына көтерілген дрондар екі мемлекеттің туын бейнеледі. Сонымен қатар "Қазақстан мен Корея – жарқын келешек жолында" деген жазуы бар дирижабль ұшырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:10, 16 қыркүйек 2026
ШҚО-да арнайы техника өзенге құлап, жүргізуші жоғалып кетті
-
13:01, 16 қыркүйек 2026
«Мен үш ұлдың анасымын»: Ерке Есмахан келбетіне қатысты сын айтқандарға жауап берді
-
12:52, 16 қыркүйек 2026
Тоқаев Кореяда оқып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті
-
12:43, 16 қыркүйек 2026
Қарағанды облысының тұрғындарынан 16 қыркүйекте сабыр сақтауды сұрады
-
12:40, 16 қыркүйек 2026
21 жастағы жігітті аю талап өлтірді





