Тоқаев Қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасымен ақшаны жылыстатуға қарсы күресті талқылады

14:28, 23 маусым 2025

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады.

Бұл туралы 2025 жылдың 23 маусымында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде "Эгмонт" тобының маңызы зор екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның "ақшаны жылыстатуға қарсы" ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады.

Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.

Эльжбета Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!