Тоқаев Италияға геологиялық барлау мен сирек кездесетін металдар өндіруде ынтымақтастық орнатуды ұсынды
© Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 мамырда Астанада өтіп жатқан "Орталық Азия-Италия" бірінші саммитінде бірлескен өнеркәсіптік жобаларды іске асыру перспективаларын да сөз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Орталық Азиядағы сирек металдардың кен орындары туралы барлық өзекті ақпаратты жинақтайтын Аймақтық зерттеу орталығын құру туралы бастама көтерді.
"Бiрлескен кәсiпорындар құру, технологиялар трансфертi, италиялық өндiрiстi өз аймағымызда локализациялау ортақ мүддеге сай келеді. Бұдан елдеріміз едәуiр пайда табады. Бұл бағытта жемісті ықпалдастықтың мысалдары бар. Атап айтқанда, қазақстандық зауыттардың бірінде италиялық ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жолға қойылған. Бұдан бөлек, Италия компанияларының қатысуымен күкірт қышқылын өндіретін және газ өңдеу зауыттарының құрылысы басталды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент тағы бір маңызды мәселе ретінде трансконтиненталды байланысты нығайтуға тоқталды. Яғни Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыта отырып, елдеріміз көне Жібек жолын жаңа сипатта қайта жаңғыртып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамасында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық орнықтылық мәселелерін де қамтыды. Мемлекет басшысы Орталық Азия қазірдің өзінде жаһандық жылыну салдарын бастан кешіріп жатқанын айтты. Президент Италия тарапына аймақтағы экологиялық проблемаларды шешуге, соның ішінде Арал теңізі бассейнін қалпына келтіруге белсенді қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Бұған дейін Қазақстан Италияға экспорттайтын мұнай көлемін арттыруға дайын екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





