Тоқаев Италия үкіметінің басшысы Джорджа Мелониді құттықтады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді өз елі тарихындағы ең ұзақ жұмыс істеген үкімет ретіндегі жетістігімен құттықтады, деп Zakon.kz.
Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Италия Республикасының тарихындағы ең ұзақ жұмыс істеген үкіметке айналуына байланысты премьер-министр @GiorgiaMeloni-ге шын жүректен құттықтау жолдаймын. Оның дана әрі мықты көшбасшылығы, Италияның ұлттық мүдделері мен абыройын қорғаудағы табанды ұстанымы ел экономикасының өсімін қамтамасыз етіп, оның әлемдік аренадағы беделін нығайта түсті. Қазақстан мен Италия арасындағы достық әрі стратегиялық әріптестікті тереңдетуге қосқан оның жеке үлесін жоғары бағалаймын және тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыруды асыға күтемін. Премьер-министр Мелониге жоғары лауазымында және Италияның өсіп-өркендеуі жолында толағай табыстар тілеймін", делінген президенттің ағылшынша жазбасында.
My warmest congratulations to Prime Minister @GiorgiaMeloni on her government becoming the longest-serving in the history of the Italian Republic.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 4, 2026
Her wise and strong leadership, steadfast commitment to defending Italy's national interests and dignity have sustained the… pic.twitter.com/vnE9tvyOLq
Бұған дейін белгілі болғандай, 4 қыркүйекте Джорджа Мелони басқаратын Италия министрлер кабинетінің үздіксіз жұмыс істегеніне 1413 күн толды. Осылайша ол Сильвио Берлусконий үкіметінің қызмет ету мерзімінен де асып түсті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 4 қыркүйек 2026
Ерлан Қарин: Құрылтайдағы ашық әрі тұрақты диалог – тиімді жұмыстың кепілі
-
22:45, 4 қыркүйек 2026
Ерлан Қарин: Саяси жүйенің жаңару үдерісі Құрылтайдан басталады
-
21:34, 4 қыркүйек 2026
«25 алтын медаль...». Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
-
21:23, 4 қыркүйек 2026
Алматыда полицейдің қытығына тиген ер адам қамауға алынды
-
20:58, 4 қыркүйек 2026
Ақтөбеде сарбаздың таяққа жығылуы: Ұлттық ұлан не дейді





