Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнімен барша қазақстандықты құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы құттықтауды президент өзінің Instagram парақшасындағы жариялады.
"Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады", – деп атап өтті ол.
Бұған дейін Алматыда 1 маусымда балаңызды қайда апаруға болатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:11, 1 маусым 2026
Еліміз бойынша іздеуде жүрген көлік Алматыдан табылды
-
10:58, 1 маусым 2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің тізімін жаңартты
-
10:41, 1 маусым 2026
Қазақстанда әкімдерге «цифрлық жұмыс орны» берілді
-
10:20, 1 маусым 2026
Ұлттық режимнен алуға жататын тауарлардың тізбесі бекітілді
-
10:09, 1 маусым 2026
Халықаралық балаларды қорғау күнінде бір топ оқушы Ақорданы аралап көрді





