Жетісуда алтыннан жасалған әшекейлер табылды

10:35, 21 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Талдықорғанда сақ дәуіріне тиесілі алтын сырға мен әшекей бұйымдар табылды. Құнды дүниелер Дауылбайдағы патшалық қорымнан шыққан.

Аталған аймақты зерттеу облыстық әкімдіктің қаржыландыруымен былтыр басталды. Ғалымдар 11 обаның біреуін қазып, оның тоналғанын анықтаған. Соған қарамастан алтын жалатылған асатаяқ табылды.

Ал биыл нөмірі бесінші обадан көне жәдігерлер қазып алынды. Анасы мен баласы жерленген бейіттің құрылымы ерекше.

Адам қаңқасы 3,5 метр тереңдікке көміліп, үстіне тас қаланып, қарағаймен жабылған, деп жазады 24.kz арнасы.

"Күрделі конструкцияның тоналмау себебі де осы болса керек", – дейді ғалымдар.

Енді алынған артефактілер жіті зерттелмек.

"Шыққан дүниелер өте құнды. Оның ішінде сырғалар алтын, қоңыраушалар сопақша келген, және шашқа қадайтын қола түйрегіші бар, сонымен қатар бірнеше моншағы бар. Біз енді алдын ала болжам бойынша б.з.д. IV-V ғасырлар деп межелеп отырмыз. Оның анық уақытын зерттеу жұмыстары көрсетеді." Хамит Айтқұл, археологиялық экспедиция жетекшісі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!