Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Матео Мекаччиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен арадағы қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті, – деп жазылған Ақорданың ресми сайты таратқан хабарламада.
Кездесуде Қазақстан мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды.
Президент Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бюро арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі Меморандумды қолдады. Оның айтуынша, бұл құжат еліміздің Бюромен тығыз серіктестікті дамытуға дайын екенін және ЕҚЫҰ құндылықтарына бейілділігін растайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Бюро директорына Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты.
Матео Мекаччи ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезеңді және бұдан бұрын Қазақстанға келген сапарларын ықыласпен еске алды. Бюро директоры Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екенін атап өтіп, елімізбен өзара белсенді іс-қимылдың даму барысына көңілі толатынын айтты.
Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдайтынын және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, оқыңыз
Президент жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімін қабылдады
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





