Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты
© Сурет: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты.
Сонымен қатар Орталық Азия және Ресей арасында шынайы достық пен ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Ресей Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді.
"Орталық Азия – қарқынды дамып келе жатқан әлеуеті мол аймақ. Оның жаһандық үдерістердегі қазіргі және келешектегі рөлі зор. Мұны әлем мемлекеттері мойындап отыр. Бүгінгідей келіссөздерге қызығушылықтың артуы осының дәлелі. Тарихи, саяси, экономикалық, гуманитарлық факторлар тұрғысынан алғанда, Қазақстан үшін Ресейдің орны айрықша. Бір ғана деректі айталық: елдеріміздің арасын әлемдегі ең ұзын шекара бөліп жатыр, яғни 7591 шақырым. Бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңге, әлем экономикасының тұрақсыздығына қарамастан, Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы саналады. Алдағы уақытта да осылай болып қала береді. Орталық Азия өңіріндегі ахуал кейінгі жылдары саяси ынтымақтастық, экономикалық ықпалдастық, мәдени және рухани бірлікке қарай бет алғаны қуантады. Бұл оң үрдіс енді кері сипат алмайды және аймағымыздың Ресей мемлекетінің перспективті әрі беделді серіктесі ретіндегі салмағын үстей түседі", - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы үш жыл бұрын Астанада өткен алғашқы "Орталық Азия – Ресей" саммиті көпжақты форматтағы ықпалдастықтың жемісті бастауы болғанын атап өтті.
"Бүгінгі кездесу Ресеймен арадағы ұзақ мерзімді әрі көпжақты байланыстарға тың серпін беруді көздейді. Көпжоспарлы ынтымақтастық анағұрлым табысты дамуы үшін Орталық Азияның тұрақтылығын нығайту маңызды. Менің ойымша, мұндай серіктестіктің негізгі міндеті – осы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:48, 15 шілде 2026
15 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:32, 15 шілде 2026
Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады
-
11:24, 15 шілде 2026
Алматыда 15 шілдеден бастап бірден 15 автобус бағытының қозғалысы өзгереді: толық тізім
-
11:14, 15 шілде 2026
Қазақстанда медициналық техниканы сатып алу тәртібі өзгереді
-
11:04, 15 шілде 2026
Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды





