Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысымен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымымен еліміздегі кеден заңнамасын жетілдіру және кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыруға қатысты ынтымақтастық маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Президент Қазақстан Еуразиядағы көлік қатынасын нығайтуға және жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға көп күш-жігер жұмсап жатқанын айтты. Сондай-ақ "ақылды шекара" моделін дәйекті түрде дамытып келе жатқанын, кеден рәсімдерін оңтайландыру үшін цифрлық шешімдер кеңінен қолданылатынын жеткізді.
Иэн Сондерс Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас қарқынына жоғары баға беріп, еліміз кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіруде, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде және тиісті органдардың институционалдық құзыретін нығайтуда елеулі табысқа жеткеніне тоқталды.
Президент пен Ұйым жетекшісі 30 жылдан аса уақыт бойы табысты ілгерілеп келе жатқан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Бұдан бөлек, әлемдік саудадағы сын-қатерлер мен үдерістер жайында пікір алмасып, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және Орталық Азия өңірінің көлік-логистика әлеуетін арттыру перспективасына айрықша назар аударды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:49, 8 қыркүйек 2026
Алматыда Қала күні қайда, нені тамашалауға болады
-
19:36, 8 қыркүйек 2026
Алматыда LRT жобасына байланысты тағы бір көшеде қозғалыс шектеледі
-
19:24, 8 қыркүйек 2026
Атырау облысында колонияға дрон арқылы бірнеше телефон жеткізу әрекеті тоқтатылды
-
19:19, 8 қыркүйек 2026
Telegram арқылы байланысқан: Таразда есірткі таратқан есірткі таратушы сотталды
-
18:55, 8 қыркүйек 2026
Тоқаев Иэн Сондерсті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады





