«Бізді ұйықтап жатқанда улап жатыр ма?!»: Атырау тұрғындарын қаладағы өткір иіс алаңдатты
© Фото: Zakon.kz
Атырау тұрғындары таңғы уақытта қаланы қою түтін басып, өткір иіс тарағанына алаңдады. Әлеуметтік желіде қала тұрғындарынан көптеген шағым түскеннен кейін өңір билігі жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға әлеуметтік желідегі Threads платформасында қызу талқыланып жатыр. Нұрсая ықшамауданының тұрғыны пәтерлерге терезелер жабық тұрса да түтіннің кіргенін көрсететін кадрлар жариялады.
"Таңғы сағат 5. Өткір иістен оянып кеттім. Терезені ашқым келіп еді, сырттағы көріністі көріп шошып кеттім. Басында не болғанын түсінбей, газ тарады ма деп ойладым. Терезелер жабық болса да, үйдің ішінде иіс сезіледі. Сыртта не болып жатқанын елестете алмаймын. Бізді ұйықтап жатқанда улап жатыр ма?!" – деп жазды автор 7 қыркүйекте.
Жағдайға Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Жергілікті биліктің мәліметінше, экологиялық қызметтер тәулік бойы, оның ішінде түнгі уақытта жұмыс істеу режиміне көшкен. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сағат 22:00-ден 07:00-ге дейін атмосфералық ауаға сынама алған.
Мониторинг нәтижесінде тұрғындардың алаңдаушылығы расталып, Атыраудың бірқатар ауданында ауа құрамындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткені анықталған. Атап айтқанда, күкіртсутек пен көміртек тотығының мөлшері жоғарылаған.
"Анықталған фактілерге байланысты облыс әкімі атмосфералық ауаның ластануына себеп болуы мүмкін кәсіпорындарға қатысты тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарды дайындауды тапсырды", – деп хабарлады 7 қыркүйекте әкімдік.
Тергеу аясында мамандар ластанудың ықтимал көздерін де тексеріп жатыр. Олардың қатарында "Тухлая балка" булану алаңдары мен Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) булау станциясы бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 16 қазан 2026
Канадада өтетін шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады
-
22:48, 16 қазан 2026
Шымкенттегі дүрбелеңнен кейін Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертінің уақытын өзгертті
-
21:49, 16 қазан 2026
Абай облысында жоғалып кеткен 7 жасар бала иен даладан аман-есен табылды
-
21:36, 16 қазан 2026
«Қар, көктайғақ, үсік». Сенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:56, 16 қазан 2026
Астанада тұрғын үй кешенінде лаң салған жартылай жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалған





