Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясы қатысушыларына үндеу жасады
© Фото: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жоғары мәртебелі!
Құрметті делегаттар!
Орнықты даму мақсаттарына сай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған алқалы жиында сөз сөйлеу – мен үшін зор мәртебе.
Бұл айтулы уақиға еріктілердің рөлін күшейтуге, олардың ұлттық және жаһандық прогреске қосатын үлесін еселеуге бағытталған ортақ ұмтылысымызды көрсетеді.
Қазақстан халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық жасай отырып, осы бастаманы көтерді.
Еріктілер қозғалысы Орнықты даму мақсаттарына жету жолындағы азаматтық белсенділік пен прогреске ықпал ететін ізгі амалдың жасампаздық қуатына айналарына кәміл сенеміз.
Қазіргідей алмағайып заманда еріктілер адам өмірін сақтау, қиындыққа душар болған жандарға жәрдемдесу, қоғамдағы сенім мен ынтымақты нығайту арқылы аса маңызды миссия атқарып келеді.
БҰҰ Еріктілер бағдарламасы дүние жүзінің әр қиырында қызмет етеді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды бір мақсатқа жұмылдырады.
Жер-жаһандағы миллиондаған адам Ұйымнан бөлек те волонтерлік қызметке атсалысады".
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қыркүйек 2026
Алматыда бір тәулікте мас күйінде рөлге отырған 18 жүргізуші ұсталды
-
17:45, 20 қыркүйек 2026
КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды
-
16:57, 20 қыркүйек 2026
ТЖМ тікұшағы науқасты Баянауылдан Павлодарға шұғыл жеткізді
-
16:38, 20 қыркүйек 2026
«Тұман түсіп, күн суытады». Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
15:34, 20 қыркүйек 2026
Экономист медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін зерттеуге кірісіп жатқанын мәлімдеді





