Тоқаев Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салуға қаржы бөлуді тапсырды

11:26, 20 қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы Үкіметке Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

"Egemen Qazaqstan" газеті ШҚО Күршім ауданының 20 мыңнан астам тұрғынын толғандырған өзекті мәселені көтерді. Халық 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр. Үкіметке ШҚО әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Өскемен мен өңірдің бүкіл қала және аудандарын байланыстыратын стратегиялық нысан - Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін "Қызыл ту" өткелі жұртты әбден әуре-сарсаңға салып жүр. Өйткені бұл өткелдегі паромның жолаушылар мен көліктерді алып өту бағасы тым қымбат әрі жүру кестесі де сақталмайды. Қажет кезде барлық адамды алып өтуге оның мүмкіндігі де жеткіліксіз. Оның үстіне бүкіл өңір пайдаланатын Күршімдегі бұл өткел әбден ескірген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!