Тоқаев бірқатар елге жаңа елшілерді тағайындады

09:04, 21 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Моңғолияға, Шри-Ланкаға және Дания Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!