Тоқаев Бен Блэкті қабылдады
© Сурет: zakon.kz
Президент U.S. International Development Finance корпорациясының (DFC) атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Беделді халықаралық қаржы институты басшысымен кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстанның орнықты дамудағы маңызды серіктесі деп атап, экономиканың түрлі секторындағы ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенін растады.
Бен Блэк Президент Дональд Трамп пен оның әкімшілігі Қазақстанмен тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін айтты.
Осы орайда ол аймақтық және өңіраралық сауданы кеңейтуде стратегиялық маңызға ие тау-кен өндірісі, көлік-транзит инфрақұрылымы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол екеніне назар аударды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:46, 20 ақпан 2026
АҚШ-қа тікелей рейс: Қазақстанға Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
-
23:28, 19 ақпан 2026
Президент: Еліміз Газа секторындағы ахуалды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын
-
23:27, 19 ақпан 2026
Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
-
23:00, 19 ақпан 2026
Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
22:06, 19 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды





