ҚМДБ кәсіпкерлерге алкоголь сатуды тоқтатып, азық-түлік бағасын төмендетуді ұсынады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) кәсіпкерлерді қасиетті Рамазан айына байланысты әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендетуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бастамамен бизнес өкілдеріне Қазақстанның Бас мүфтиі, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы шықты.
"Осы ретте барша отандастарымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық." Қазақстанның Бас мүфтиі, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы
Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі деді.
Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз. Берекелі, сауабы мол айда Алланың мейіріміне бөленіп, әрбір ізгі амалымыздың жақсылығы еселеніп жазылғай! Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Жаратушы Жаббар Иеміз келер жылғы Рамазан айына аман-есен жетуімізді нәсіп еткей! Әумин! Қазақстанның Бас мүфтиі, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы
2026 жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған пітір-садақаның мөлшерін белгілеп, әрбір мұсылманға 735 теңге деп белгіледі. Бұл көрсеткіш екі килограмм ұнның орташа бағасы негізінде есептелген.
Садақаны Рамазан айы ішінде, мерекелік айт намазына дейін мұқтаждарға тапсыру қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:23, 19 ақпан 2026
Ұлттық банк доллар бағамының әлсіреуіне қатысты пікір білдірді
-
14:16, 19 ақпан 2026
Қазақстан мен Қытай жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуде
-
14:06, 19 ақпан 2026
Қауіпті QR-код: Қазақстанда алаяқтар жаға айлаға көшті
-
13:58, 19 ақпан 2026
Мәулен Әшімбаев өзін вице-президент болып тағайындалуы мүмкін деген қауесетке пікір білдірді
-
13:48, 19 ақпан 2026
Құрылтай депутаттарының сайлауы қашан өтуі мүмкін – Мәулен Әшімбаев жауап берді





