Ұлттық банк доллар бағамының әлсіреуіне қатысты пікір білдірді

14:23, 19 ақпан 2026

© Фото: freepik

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов 2026 жылғы 19 ақпанда Сенат кулуарында теңге бағамының нығаюына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бұл жағдайдың референдуммен байланысы бар-жоғын және одан кейін доллар бағамы өсуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Берік Шолпанқұловтың айтуынша, Ұлттық банк валюталық үдерістің негізгі қатысушысы емес.

"Ұлттық банк әрдайым біз валюталық нарықтың негізгі қатысушысы емес екенімізді айтып келеді. Бұл – еркін айырбасталатын валюта, сондықтан нарықтағы үдерістер сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Қазіргі уақытта сұраныс азайып, ұсыныс артқандықтан бағам төмендеп отыр. Бұл – таза экономикалық үдерістер", – деді ол.

Сондай-ақ ол басқа елдердің валюталық нарықтарына назар аударуға кеңес берді.

"Сонда бұл үдерістің біржақты емес екенін түсінуге болады. Мұнда реттеушінің ықпалы емес, нарық қатысушыларының өзі сұраныс пен ұсынысты айқындайды", – деп қосты Ұлттық банк өкілі.

Бұған дейін теңгенің күрт девальвациялану ықтималдығына қатысты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те пікір білдірген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!