Тоқаев: Алматы БҰҰ қолдауымен халықаралық ынтымақтастық хабына айналады
© Сурет: assembly.kz
Президент Тоқаев Қазақстанның экологиялық бастамаларға, еріктілер қозғалысына және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бейілді екенін атап өтіп, Алматыны БҰҰ қолдауымен өңірлік ынтымақтастық хабына айналдыру жоспарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz
Тоқаевтың айтуынша, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, экологиялық жауапкершілік мәдениетін дәріптеуге үлес қосқысы келетін мыңдаған азаматты біріктірді. Бұл жоба БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы жаһандық бастамаларымен үндеседі.
"Осы орайда Алматы қаласын Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық ынтымақтастық хабына айналдыру ниетін құптаймыз. Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы осындай мүмкіндікке жол ашты". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің сөзінше, бұл ретте Алматыда БҰҰ Еріктілер бағдарламасының субөңірлік кеңсесінің ашылуы Қазақстанның азаматтық белсенділікті және жаһандық серіктестікті дамытуға бейіл екенін көрсетеді.
Аталған бастамалар әлемдегі сын-қатерлерді бірлескен күш-жігер мен өзара сенімнің арқасында еңсеруге болатынын растайды.
"Барша елдің еріктілерін БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік интеграция және жастарды қолдау бағытындағы бастамаларына қосылып, өзара тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз. Қазақстан БҰҰ Еріктілер бағдарламасына ризашылығын білдіреді. Сонымен қатар жастардың, әйелдердің және шалғай аймақ тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейту үшін серіктестік аясын кеңейтуге үндейді". Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы сонымен бірге сессия қатысушыларын адамзат игілігі үшін бірлесіп әрекет етуге үндеді.
"Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толды. Осы маңызды кезеңде баршаңызды әділ әрі жасыл әлем қалыптастыру жолында ынтымақ-бірлігіміздің берік екенін көрсетіп, адамзат игілігі үшін бірлесіп әрекет етуге шақырамын. Қазақстан айтулы жыл аясында және одан кейінгі кезеңдерде де әлеуметтік маңызы бар еріктілер қызметін қолдау үшін БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетпен және азаматтық қоғаммен ынтымақтаса жұмыс істеуге әрдайым дайын", - деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:16, 3 наурыз 2026
Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
-
17:08, 3 наурыз 2026
Алан Құрманғалиев Сингапурдағы турнирде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
16:55, 3 наурыз 2026
Талдықорғанда 20 минутта 4 мың құрт әзірленді
-
16:50, 3 наурыз 2026
Алматы облысында 2006 жылғы кісі өлтіру ісі ашылды: кінәлі 19 жылдан кейін сотталды
-
16:41, 3 наурыз 2026
Президент Оман сұлтанымен телефон арқылы сөйлесті





