Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

17:16, 3 наурыз 2026

© Сурет: olympic.kz

5-8 наурыз аралығында Херенвен қаласында (Нидерланд) конькимен жүгіруден классикалық және спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Әлем біріншілігінде ел намысын үш спортшы қорғайды.

Надежда Морозова классикалық көпсайыста сынға түседі. Ал Арина Ильященко мен Артур Галиев спринтерлік көпсайыста бақ сынайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!