Той жоқ, концерт жоқ. Әншілер қалай күн көріп жүр
Райдерін аспандатып, бір тойдан он мың долларды қалтасына басып, кейін тапқан-таянғанын оң-солды шашқан шоу-бизнес өкілдеріне тықыр таянды. Өзге мамандықтарға бет бұрған олар 100-150 мың теңге жалақы алып, соған да шүкіршілік етіп жүр. Дегенмен, арасында әлі де бейнеті басым кәсіптен қашып, Үкіметтің жәрдемақысынан дәметіп жүргендері де жетеді. Сонымен, карантинде өнер адамдарының өмірі қаншалықты өзгерді? Ысырапты тыйып, үнемдеуді үйренген кім?
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Зорлық-зомбылық құрбандары жайлы кино түсірмек болған продюсер Баян Мақсатқызының өтінішін көрермені жерге тастамады. 11 млн теңгесін жинапты. Алайда, халыққа шексіз алғысын жаудырған оның биліктегілерге айтары басқа екен.
Баян Алагөзова, продюсер:
Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз! Кей әртістер амал жоқтан ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірді.
Күміс Сеитова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің директоры:
Әншілерге, эстарада әншілеріне жалпы мәдениет қызметкерлеріне тікелей көмек көрсетілген жоқ. Өйткені бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.
Хош. Такси жүргізіп, тамақ тасымалдап кеткен өнер иелерін таппадық. Соған қарағанда, жаңа қызметтерін айналаға жар салуға қымсынатын көрінеді. Дегенмен, қымыз сатып күн көргендер жетеді екен.
Тізімде Сәкен Мағазиев, Бағлан Әбдірайымов, сахнаға енді қадам басқан жас әнші Шахаризат Сейдахмет те бар. Соңғысы, елде карантин енгізілмей тұрып, бір күн қалғанда мынадай әнін шығарған екен.
Майра Ілиясова, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
Бізде былай ғой. Бір клип түсіріп, ертең өзін жұлдыз болып сезінетіндер, ұялатындай түк жоқ, бәрібір оларды ешкім білмейді. Ал енді үлкен танылған әншілерге статусына қарай жұмыс табылады.
Иә тек жұлдызбын деген "менін" ысырып, адал еңбекке деген ынтасын артырса болды. Әйтпесе, той туралы ой, үкіметтің жәрдемақысынан үміт жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:06, 13 сәуір 2026
Ақтөбеде мас күйінде көлік басқарған 11 жүргізуші тоқтатылды
-
12:51, 13 сәуір 2026
Астанада заңсыз қоқыс төгу деректерінің жолы кесілді
-
12:29, 13 сәуір 2026
Сәуір ортасында Қазақстанға қыс қайта оралады: аяз, жаңбыр және қар күтіледі
-
12:06, 13 сәуір 2026
Алматының Наурызбай ауданында биыл 100 шақырымдай инженерлік желі салынады
-
11:48, 13 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары





