Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды

09:57, 15 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігінде LRT құрылысына байланысты 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

City Transportation System хабарлауынша, №105 станциясында қаңылтыр қоршаулар демонтаждалады.

"Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының "Астана Жұлдызы" аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесі бағытындағы бір жолағы 100 метрге ішінара жабылады", - делінген хабарламада.
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2024 09:57

Сурет: instagram.com/cts_kz/

Компания Астана тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!