Бүгін жазушы Күлиман Жүнісованың туғанына — 100 жыл

17:17, 20 қазан 2024

© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 20 қазанда жазушы Күлиман Жүнісованың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күлиман Жүнісова облыстық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған.

1960 жылдан әңгімелері мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрды.

Қаламгердің "Шұғыла", "Жасыл жапырақтар", "Кәмшат", "Құстар әні", "От пен гүл", "Қимаймын сені" атты әңгімелер мен повестері жарық көрген.

Қаламы қарымды жазушы "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!