Теннисші Соня Жиенбаева Испанияда елдің назарын өзіне аударып, қарсыластарды шақ келтірмеуде
© Сурет: Instagram/sonja.zhiy
16 тамызда қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева (WTA №738) Испанияның Виго қаласында өткен World Tennis Tour Women 35 турнирінің чемпионы атанды. Ол бір апта бұрын Испанияның Оренсе қаласында өткен WTT 75 турнирінде де топ жарған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 жастағы қазақстандық спортшы W35 турнирінің тартысты финалында қытайлық Юфей Ренді (WTA №332) 1 сағат 44 минутта 7:6 (8:6), 7:5 есебімен тізе бүктірді. Бұл оның осы додадағы қатарынан беcінші жеңісі еді.
Соня жарыстың алғашқы айналымында чехиялық Юлия Страхованы (WTA №207) 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Екінші раундта ресейлік Екатерина Яшинамен (WTA №516) кездесіп, алғашқы сетте ұтылып жатқанына қарамастан, жерлесіміз керемет камбэк жасады: 2:6, 6:2, 6:3. Ширек финалда ол тағы бір ресейлік теннисші Дарья Хомуцианскаяны да (WTA №296) 6:1, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Ал жартылай финалға шығарда Соня португалиялық Матильде Йоргеден (WTA №272) басым түсті. Жиенбаеваның барлық бес қарсыласы әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрғанын баса атап өткен жөн.
Виго кортында қазақстандық спортшы жекелей сында да, жұптық сайыста да сәтті өнер көрсетті. Турнирдің финалына дейін жетіп, Екатерина Яшинамен жұп құрып вице-чемпион атанды. Осылайша, 20 жастағы теннисшінің еншісінде қазір бес титул бар, оның төртеуі жекелей, біреуі жұптық сын бойынша тіркелді.
Бұған дейін грек-рим күресінен Германиядағы Гран-при турнирінде Қазақстан алты алтын медаль ұтып алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 7 қыркүйек 2026
8 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
22:01, 7 қыркүйек 2026
Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
-
21:38, 7 қыркүйек 2026
«Бізді ұйықтап жатқанда улап жатыр ма?!»: Атырау тұрғындарын қаладағы өткір иіс алаңдатты
-
21:13, 7 қыркүйек 2026
Қазақстанның мемлекеттік орман қорында 4 орман өрті тіркелді
-
20:43, 7 қыркүйек 2026
Қазақстанда жоғалған қарулар жасырылған орындар әлі де анықталып жатыр





