Ақмола облысында бір тәулікте 67 гектар жер өртенді

11:16, 16 тамыз 2026
MKZ: 1561569

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Ақмола облысында тәулік ішінде Біржан сал, Целиноград, Атбасар, Ақкөл, Шортанды, Жақсы аудандарында, сондай-ақ Көкшетау қаласында дала өрті немесе құрғақ шөптің жануы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, Мариновка ауылының "Ауыл құтқарушылары" бөлімшелерінің, "Степногорское" орман шаруашылығы мекемесінің және "Кеңес" КММ орман шаруашылығы бөлімшесінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында барлық жану ошақтары толығымен жойылды.

"Елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілмеді. Өрт шарпыған жалпы аумақ 67 гектардан астам жерді құрады. Жанудың алдын ала себебі — тұрғындардың отпен абайсыз әрекет ету", делінген 2026 жылғы 16 тамыздағы Ақмола облыстық ТЖД хабарламасында.

Бұған дейін 2026 жылғы 13 тамызда Алматы-2 теміржол вокзалы маңында өрт болып, төтеншеліктер жоғары шақырту дәрежесі бойынша аяғынан тік тұрғызылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!