Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы алтын белбеуді жеңіп алды

19:53, 15 тамыз 2026
MKZ: 1561515

© Сурет: Qazaqstan Barysy

Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы ("Лабақ батыр") қазақ күресінен еліміздің басты додасы – Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирінің жеңімпазы атанып, алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы ("Лабақ батыр") қазақ күресінен еліміздің басты додасы – Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирінің жеңімпазы атанып, алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының спорт шебері турнир барысында жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, еліміздің үздік балуандарымен тең дәрежеде белдесе алатынын дәлелдеді. Жартылай финалда ол Қостанай облысының өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Алмас Жұмағалиды ("Өтей") жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

Финалда дебютант Жамбыл облысының өкілі, қазақ күресінің танымал балуандарының бірі Ғалымжан Қырықбаймен ("Барыс") кездесті. "Қазақстан Барысы – 2023" турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі қарсыласымен өткен тартысты белдесуде Жантілек Нұртілепұлы жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет Qazaqstan Barysy алтын белбеуінің иегері атанды. йта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы – Qazaqstan Barysy – 2026 турнирінің ең жас қатысушыларының бірі. Соған қарамастан, ол алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алып, ел балуандарының жаңа буынының әлеуетін айқын көрсетті.

Турнирдің қола жүлдесін Шымкент қаласының өкілі, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Нұрсұлтан Қожагелдіұлы ("Батыр") жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Қостанай облысының балуаны Алмас Жұмағалидан басым түсті.

Турнир жеңімпазы Qazaqstan Barysy алтын белбеуімен қатар 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Күміс жүлдегерге күміс белбеу мен 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегерге қола белбеу және 1,5 миллион теңге табысталды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!