Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы ІІ-орын алды
© Сурет: olympic.kz
Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшыларымыз акробатикалық бағдарламада екінші орын иеленді.
Қазақстан құрамасы 203,0926 ұпай жинады. Бұл бағдарламада еліміздің намысын Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, София Ичшенко, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова және Салима Ақылбек қорғады.
Бірінші орынды 232,2147 ұпай жинаған Ресей құрамасы иеленді. Үшінші орын Беларусь спортшыларына бұйырды – 200,9777 ұпай.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин үшінші орын алса, Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс жүлдеге ие болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 6 қыркүйек 2026
«Қатты жел тұрып, бұршақ түседі». Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:28, 6 қыркүйек 2026
Алматыда полицейлер ірі көлемдегі есірткі саудасының жолын кесті
-
17:16, 6 қыркүйек 2026
Қазақстан әншісі халықаралық этникалық ән байқауында күміс жүлдеге ие болды
-
16:52, 6 қыркүйек 2026
Марқакөлде орман өртін сөндіруге екі тікұшақ тартылды
-
15:59, 6 қыркүйек 2026
Алматыда жүк көлігі тиеген ірі габаритті конструкция көпірден өте алмай, құлап, үлкен кептеліс орын алды





