Абай облысында полицейлер қансыраған баланы құтқарды
© Фото: zakon.kz
Абай облысының полицейлерінен Семей – Өскемен тас жолында Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі көмек сұраған. Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне салонда бес жасар баланың аяғы қатты жарақаттанып, қатты қансырап жатқанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анасының айтуынша, Жаңасемей ауданына қарасты Гранитный ауылында тұратын баласы аулада ойнап жүріп, сыртқы есікке шықпақ болған. Сол сәтте кіреберіс есіктің шынысы сынып, баланың аяғын кесіп кеткен.
"Баланың жағдайының ауыр екенін түсінген полиция қызметкерлері Еламан Масалимов пен Медет Смагулов уақыт жоғалтпай, анасы мен баланы патрульдік автокөлікке отырғызып, облыстық ауруханаға қарай бет алған. Полицейлер жарақат алған баланы 12 минут ішінде облыстық аурухананың балаларды қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер баланы бірден қабылдап, шұғыл түрде операцияға алып кетті". Абай облыстық ПД баспасөз қызметі
Анасы баласының аяғынан аққан қан тоқтамай, қатты қорқып кеткенін, не істерімді білмей, жолда полицейлерді көріп, көмек сұрағанын айтады.
"Олар бірден бізге көмектесіп, баламды көлікке отырғызды. Бар болғаны 12 минуттың ішінде ауруханаға жеткізді. Мен үшін сол сәтте бұл – үлкен көмек болды. Полицейлерге шын жүректен алғыс айтамын", – деді баланың анасы.
Бұған дейін Алматыда тәртіп сақшылары көшеде қансырап жатқан ер адамды құтқарғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 6 қыркүйек 2026
«Қатты жел тұрып, бұршақ түседі». Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:28, 6 қыркүйек 2026
Алматыда полицейлер ірі көлемдегі есірткі саудасының жолын кесті
-
17:16, 6 қыркүйек 2026
Қазақстан әншісі халықаралық этникалық ән байқауында күміс жүлдеге ие болды
-
16:52, 6 қыркүйек 2026
Марқакөлде орман өртін сөндіруге екі тікұшақ тартылды
-
15:59, 6 қыркүйек 2026
Алматыда жүк көлігі тиеген ірі габаритті конструкция көпірден өте алмай, құлап, үлкен кептеліс орын алды





