Теміржолшылар қазақстандықтарға үндеу жолдады

16:49, 24 сәуір 2024

© Сурет: rail-news.kz

Елімізде демалыс және мереке күндері жақындауда. Осыған орай Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды және темір жол билеттерін уақытылы сатып алуды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомства мәліметінше, темір жол билеттерін сату пойыз жөнелтуге дейін кемінде 45-тен 1 тәулік бұрын, ал қала маңындағы пойыздарға – 10-нан 1 тәулікке дейін басталады.

"Жолаушылар комиссиясыз билеттерді https://bilet.railways.kz/ сайтында немесе темір жол вокзалдарында орналасқан "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында сатып ала алады.",- деп ескертті компания.

Бұдан бөлек:

"Жолаушылар пойыздары бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунтында алуға болады.",-деді ведомства баспасөз қызметі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!