«Таза Қазақстан»: Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек егіледі
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Алматыда көгалдандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.
2026 жылы шамамен 550 мың жасыл желек егу жоспарланған. Оның ішінде биіктігі 5-6 метрден асатын 7,2 мыңнан астам ірі ағаш, 500 мыңнан астам бұта және кесілген 40 мыңға жуық ағаштың орнына биіктігі 2-2,5 метр болатын көшеттер отырғызылады.
Көктемгі кезеңде 19 мыңға жуық жасыл желек егу көзделіп отыр. Оны шамамен 3,7 мың ірі көлемді ағаш және кесілген 15 мың ағаштың орнына егілетін тал бар.
Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам жасыл желек егілді, оның ішінде 2,6 мың ірі ағаш және 4 мыңға жуық көшет отырғызылған.
Сонымен қатар, "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Садықов көшесінің бойына биіктігі 5-6 метр болатын 80 ірі көлемді ағаш егу жоспарланып отыр.
"Көгалдандыру жұмыстары климаттық ерекшелік пен қалалық ортаны дамыту басымдықтарын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Негізгі назар өсімдіктердің жерсіну деңгейін арттыруға, төзімді түрлерді таңдауға және тұрғындар үшін жайлы жасыл кеңістік қалыптастыруға бағытталған", — деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Көжекеев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:42, 6 сәуір 2026
Ақтөбеде тұрғын үй құрылысына берілген жер сот арқылы мемлекетке қайтарылды: себебі белгілі болды
-
14:19, 6 сәуір 2026
Астанада ауқымды жөндеу жұмыстары: маңызды жол 7 айға жабылады
-
14:03, 6 сәуір 2026
Алаяқтықтың жаңа тәсілі: «байланыс операторы» атынан қоңырау шалу қазақстандыққа 20 млн теңгеге түсті
-
13:52, 6 сәуір 2026
1 млрд теңгеден астам шығын: Ресей Қазақстанға трансұлттық қылмыстық топ мүшесін экстрадициялады
-
13:36, 6 сәуір 2026
Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты





