Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

17:54, 5 сәуір 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, құрлықтық біріншіліктің ширек финалында жеңіске жетті.

1/4 финалда ол Қытай өкілі Ханя Сюэчженьді 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша Сағындық Тоғамбай кем дегенде қола жүлдені өз еншісіне жазды.

Айта кетейік, бүгін, 5 сәуірде жартылай финалға Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) та шықты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!