Таутекелердің «отбасылық» тіршілігі: Қазақстандағы ең ірі ұлттық паркте сирек кадрлар түсірілді
© Сурет: Instagram/katonkaragay_nationalpark
Катонқарағай ұлттық паркінде фототұзақ таутекелер мен олардың төлдерін видеоға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сирек кадрлардан аталықтары, аналықтары және өсіп келе жатқан лақтары бар бір топ таутекені көруге болады.
Мамандардың айтуынша, аталық таутекелерді ірі әрі жуан мүйіздері арқылы оңай ажыратуға болады. Ал аналықтарының мүйіздері әлдеқайда кіші келеді.
Төлдегеннен кейін жануарлардың мінез-құлқы да өзгереді.
"Ересек аталықтар көбіне топтан бөлініп кетеді. Ал жас аталықтар аналықтар мен лақтардың жанында жүре береді. Сондықтан кейде фототұзақ объективіне ересек жануарлар мен төлдері бірге жүрген "отбасылық" кадрлар түсіп қалады", – дейді парк қызметкерлері.
Ұлттық парк әкімшілігінің мәліметінше, бірегей кадрлар жабайы жануарларды бақылаумен айналысатын орманшы Жомарт Аманбаевтың еңбегінің арқасында түсірілген.
Катонқарағай ұлттық паркі – Қазақстандағы ең ірі ұлттық парк. Ол Шығыс Қазақстан облысында орналасқан және аумағы 643 мың гектардан асады.
Бұған дейін Қазақстанда қоқиқаздарды сақтау мақсатында Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесіне 40 млн текше метр су жіберілгені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:45, 7 қыркүйек 2026
Астана-Алматы тасжолында көлік аударылып, кісі өлімі тіркелді
-
14:36, 7 қыркүйек 2026
WTA Рыбакинаның US Open турнирінде Стародубцеваға қарсы ойынына пікір білдірді
-
14:24, 7 қыркүйек 2026
Қазақстанда үй бағасының қымбаттауына байланысты ипотекаға сұраныс төмендеп жатыр
-
14:17, 7 қыркүйек 2026
«Жыр жауҺары»: Ақтөбеде жас ақындардың республикалық поэтикалық дуэлі өтті
-
14:06, 7 қыркүйек 2026
Шакира Алматыда емес Бішкекте концерт беретін болды





