«Тауға шығудан бас тарта тұрыңыз!». Алматылықтарға ескерту жасалды
© Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық ТЖД мегаполис тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды және 4-5 шілдеде тауға шығудан бас тарта тұруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуіне сүйене отырып, 4 шілдеде Алматы қаласында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, екпінді жел тұратынын хабарлады. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
"Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандары) жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15–20 метр, күндіз кей уақыттарда секундына 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. 4–5 шілде аралығында таулы аймақтарда қатты жауын-шашынның болжануына байланысты селдік көріністердің орын алу ықтималдығы сақталады", деп ескертеді ТЖД.
Алматы қаласының ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды, дауылды ескерту кезеңінде тауға шықпауды, автокөліктерді ағаштардың және әлсіз бекітілген конструкциялардың астына қоймауды, сондай-ақ ресми ақпарат көздеріндегі хабарламаларды бақылап отыруды ұсынады.
Бұған дейін ТЖМ сел қаупі туындаған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске салған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:01, 4 шілде 2026
Алматы облысында құтқарушылар жеке тұрғын үй аумағынан жылан ұстап алды
-
15:33, 4 шілде 2026
Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр
-
15:33, 4 шілде 2026
Жерде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр
-
15:27, 4 шілде 2026
Олжас Бектенов жанар-жағармай нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді
-
14:47, 4 шілде 2026
Елордада Астана күнінде қосымша 60 автобус желіге шығарылады





