Алматыда 19 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, комаға түсті
© Сурет: видео скрині
Алматыдағы Баум тоғайында отбасымен серуендеп жүрген 19 жастағы бойжеткеннің үстіне ағаш құлап, ол комаға түсті. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал қала әкімдігі әйгілі тоғайдағы ағаштардың басым бөлігі биологиялық тұрғыдан қартайғанын мәлімдеді.
Оқиға туралы алғашқы ақпарат Instagram желісіндегі almaty_typical парақшасында жарияланды. Қайғылы жағдай 27 маусым күні сағат 15:00 шамасында болған. Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, сол сәтте қалада қатты жел де, жаңбыр да болмаған.
Ауыр ағаш діңінің құлауы салдарынан бойжеткен ауыр бас-ми жарақатын алып, денесінің бірнеше жері сынған. Ол алты күннен бері комада жатыр.
Оқиғаға қатысты Алматы әкімдігі де түсінік берді. Ведомство саябақ аумағындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті екенін мойындап, мұны жасыл желектің әбден қартаюымен байланыстырды.
"2026 жылы апатты жағдайда тұрған, қураған және ауруға шалдыққан 2 мың ағашты санитарлық кесуге рұқсат алынды. Қазіргі таңда мердігер ұйым шамамен 1000 ағашты кесіп, аумақтан шығарды. Олардың басым бөлігі құлаған, жел сындырған және балалар мен спорт алаңдарының маңындағы апатты ағаштар", – деп хабарлады қала әкімдігі.
Әкімдік мәліметінше, қалған апатты, қураған және ауру ағаштарды кесу жұмыстары осы жылдың соңына дейін толық аяқталады.
Сондай-ақ жергілікті билік өкілдері қураған немесе сырт көзге сау көрінетін ағаштардың қашан құлайтынын дәл болжау мүмкін емес екенін мәлімдеді.
"Баум тоғайы 1877 жылы құрылған. Осыған байланысты ағаштардың 70 пайыздан астамы өзінің биологиялық жас шегіне жеткен. Табиғи қартаю үдерісіне байланысты сырттай сау әрі апатты белгілері байқалмайтын ағаштардың да құлау қаупі сақталады. Осыған байланысты Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы жасыл желектерді тұрақты түрде тексеріп, оның қорытындысы бойынша келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тоғай аумағын сақтау мақсатында апатты ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын жүргізеді", – деп мәлімдеді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 3 шілде 2026
Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды
-
22:16, 3 шілде 2026
Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жолдың кей бөлігінде қозғалыс шектеледі
-
21:56, 3 шілде 2026
Алматыда танымал болмақ болған жігіт 15 тәулікке қамалды
-
21:33, 3 шілде 2026
Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылуы мүмкін
-
21:17, 3 шілде 2026
Қазақстан BMX-фристайлдан Азия чемпионатында сынға түседі





